Орал қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
14 шілде күні сағат 15-00-де Орал қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыста келесі мәселелер қаралды:
1. Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №11-2 «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. «Орал қаласының 2022 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы»;
3. «Орал қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы»;
4. «Орал қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы»;
5. «Орал қаласында бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы».
Барлық талқыланған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.
Состоялось заседание Общественного совета города Уральска
14 июля в 15:00 часов состоялось заседание Общественного совета города Уральска. На заседании были рассмотерны следующие вопросы:
- О внесении изменений в решение Уральского городского маслихата от 28 декабря 2021 года №11-2 «О городском бюджете на 2022-2024 годы»;
- «Об утверждении минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума города Уральска на 2022 год";
- «Об утверждении перечня коммунальных услуг и правил предоставления коммунальных услуг в городе Уральске";
- «Об утверждении Правил возмещения собственниками квартир, нежилых помещений многоквартирного жилого дома затрат, связанных с ремонтом и заменой лифтов, капитальным ремонтом многоквартирного жилого дома в городе Уральске";
- «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровель многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика в городе Уральске".
По всем обсуждаемым вопросам были приняты решения.